Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Он жылдан кейін Олимпиаданың қола жүлдесіне ие болған отандасымызға 65 мың доллар беріледі

Опубликовано:

Дәурен Абаев пен Дәулет Шабанбай
Дәурен Абаев Дәулет Шабанбайды қабылдады. Фото: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Олимпиада ойындарының жеңімпазы Дәулет Шабанбаймен кездесті. Ол еркін стильдегі қазақстандық палуанды лайықты марапаты - "Лондон-2012" қола медалімен құттықтады, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

"Әділдік салтанат құрып, он жылдан кейін олжа боп оралған қола медаль баршамызға құтты болсын!" - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ, Дәулет Шабанбайға 65 000 АҚШ доллары көлемінде мемлекеттік сыйақы төлеу туралы шешім қабылданды. Бұрын ол 10 мың АҚШ долларын алған.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті допинг қолданғаны үшін Өзбекстан чемпионы Артур Таймазов пен Грузия чемпионы Давид Модзманашвилиді Олимпиададан шығару туралы шешім қабылдады.

Олимпиада ойындарының жүлделерін қайта бөлу нәтижесінде Дәулет Шабанбай қола медальға ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1988873-on-zyldan-keiin-olimpiadanyn-qola-zuldesine-ie-bolgan-otandasymyzga-65-myn-dollar-beriledi/

pixel