Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин-"Канело" жекпе-жегін қанша жанкүйердің тамашалағаны белгілі болды

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин мен "Канело" шаршы алаңда. Фото: Sarah Stier/Getty Images

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес кездесуді залдан қанша адамның тамашалағаны анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Геннадий Головкин мен Саул Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-ға өтті. Боксшыларға жанкүйер болу үшін кешенге 19 519 адам келген.

Айта кетейік, былғары қолғап шеберлерінің арасындағы жекпе-жек он екі раундқа созылды. Кездесуде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Ол орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сақтап қалды.

Бұл былғары қолғап шеберлерінің арасындағы үшінші айқас.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы бірінші кездесу 2017 жылы өтті. Аталған сын тең аяқталса, 2018 жылы өткен жекпе-жекте төрешілер ұпай санымен жеңісті Альвареске берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1988900-golovkin-kanelo-zekpe-zegin-qansa-zankuierdin-tamasalagany-belgili-boldy/

pixel