"Қақпашы 4 доп ұрды": Қазақстандық клуб екі матчта қарсылас қақпасына 51 гол соқты

Опубликовано:

Оқжетпес
"Оқжетпес" футбол клубының футболшылары алаңда. Фото: okzhetpes.kz

"Оқжетпес" әйелдер футбол клубы Қазақстан чемпионатында тағы да "Қайсарды" жеңді. Есеп 19:0, деп хабарлайды Sports.ru.

Нгах Манга Мария Жизель бұл жолы да "Қайсар" қақпасына 7 гол соқты. Сонымен қатар матчта қызық жағдай тіркелді. Қақпашы алаңға шығып, төрт доп ұрған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Оқжетпес" өз алаңында қызылордалық "Қайсарды" 32:0 есебімен жеңген болатын. Бұл Қазақстан футбол тарихындағы тарихи нәтиже болып тіркелді.

Осылайша, көкшетаулық клуб екі матчта қарсылас қақпасына 51 доп соққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1988959-qaqpasy-4-dop-urdy-qazaqstandyq-klub-eki-matcta-qarsylas-qaqpasyna-51-gol-soqty/