Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағыберген команданың Беларуське қарсы матчқа психикалық дайындығы қандай екенін айтты

Опубликовано:

Асхат Тағыберген
Ұлттық құрама. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Беларусьпен өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп жазады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Асхат Тағыберген ертеңге ойынға құрама толықтай дайын екенін жеткізді.

"Ертеңгі ойында жүрегімізбен ойнап, денсаулығымызды жасыл алаңда қалдыруға тырысамыз. Барлық ойыншылар тас-түйін дайын. Ал гол туралы айтатын болсақ, мен гол салғаннан гөрі нәтижелі пастан жақсы әсер аламын. Енді сәті келсе, гол салуға тырысамын", - деді Қазақстан құрамасының капитаны.

Асхат Тағыберген
Асхат Тағыберген баспасөз конференциясында. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Сонымен қатар ол команданың Беларуське қарсы матчқа психикалық дайындығы қандай екенін атап өтті.

"Тарихи сәт айтып жатырмыз ғой. Беларусь құрамасы ыңғайсыз қарсылас болғанымен, тарихи сәт келгенде бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Арманымыз емес, өңіміз қылуға тырысамыз. Енді көп сөздің қажеті жоқ, ертең жасыл алаңда барлығын көрсетуге тырысамыз", - деді Асхат Тағыберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1988965-tagybergen-komandanyn-belaruske-qarsy-matcqa-psixikalyq-daiyndygy-qandai-ekenin-aitty/

pixel