Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қыздарының арасындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Беларусь жігітіне тұрмысқа шыққалы жатыр

Опубликовано:

Динара Әлімбекова қызойнақ рәсімін жасады. 2022 жыл
Динара Әлімбекова. Фото: instagram/dinara_alimbekova18

Биатлоннан Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы, әлем кубогі мен Еуропа чемпионатының жүлдегері Динара Әлімбекова тұрмысқа шыққалы жатыр. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Динара Әлімбекова Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келген. Әкесі Талғат - қазақ, анасы - беларусь.

Ол үш жасында отбасымен Беларусь еліне көшіп кеткен. Сол жақта биатлонмен айналысып, 2018 жылы Беларусь командасы сапында Олимпиада чемпионы атанды. Яғни, Динара Беларусь елінің азаматшасы, сол елде өсіп, сол елде спортпен шұғылданған.

Жақында Динара сүйіктісінің ұсынысын қабыл алып, "иә" деп жауап бергенін хабарлаған еді. Ол өзінің командаласы, биатлоннан Беларусь құрамасының мүшесі, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Антон Смольскийге тұрмысқа шықпақ.

Айта кетелік, Динара шетелде тұрса да, қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1988978-qazaq-qyzdarynyn-arasyndagy-tungys-olimpiada-cempiony-belarus-zigitine-turmysqa-syqqaly-zatyr/

pixel