Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы жекпе-жегінде нокаутпен жеңілген Дәурен Елеусіновтің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Опубликовано:

Дәурен Елеусінов
Дәурен Елеусінов рингке көтеріліп жатыр. Фото: instagram.com/daurenyeleussinov

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (20-2-1, 9 КО) 2 қазанда Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға көтеріледі, деп жазады Sports.kz.

BoxRec.com ұсынған ақпаратқа сәйкес, Дәуреннің қарсыласы армениялық 39 жастағы боксшы Арам Варданян (2-2, 2 КО) болмақ. Екінші орта салмақтағы кездесу сегіз раундқа жоспарланып отыр.

Бұған дейін отандасымыз америкалық қарсыласы Джуниор Юнаннан нокаутпен ұтылған болатын. Бұл Дәуреннің мансабындағы мерзімінен бұрынғы алғашқы жеңілісі болып тіркелді.

Ал Варданян соңғы жекпе-жегін 19 тамыз күні Ресейде өткізді. Былғары қолғап шебері жергілікті боксшы Шарабутдин Атаевтан техникалық нокаутпен ұтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1989031-songy-zekpe-zeginde-nokautpen-zenilgen-dauren-eleusinovtin-sarsy-alanga-qasan-oralatyny-belgili-boldy/

pixel