Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Керемет жобалар бар": 27 жасында мансабын аяқтаған Баландин жанкүйерлеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Баландин
Дмитрий Баландин нәтижесін қарап тұр. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Владислав Семенов

Рио Олимпиадасының 2016 жылғы жеңімпазы Дмитрий Баландин спорттық мансабын ресми түрде аяқтағанын хабарлап, жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

"Бәріне сәлем! Бүгін мен спорттық мансабымның аяқталғанын жариялағым келеді. Көптеген жылдар бойы жаттығу кезінде мен қажырлы еңбек әрқашан марапатталатынын түсіндім. Арман, әр жаңа жаттығу күнімен жақындайды. Есіңізде болсын, сіз жаттығуға баруға жалқаулық басып тұрғанда немесе өзіңізге деген сенімсіздігіңіз таусылғанда. 

Мұның бәрі бекер емес! Спорттағы ең басты қағида - бұл қолдау! Отбасыма үлкен рахмет! Олар маған әрдайым қолдау көрсетіп, көмектесті. Өз тәжірибемді, білімімді, күш-жігерімді және жүйкемді спортшы ретінде қалыптасуыма жұмсаған барлық жаттықтырушыларға үлкен рахмет. 

Әрқашан қасымнан табыла білген достарыма көп рахмет. Ең қиын сәттерде мені қолдаған сүйікті жарыма алғыс. Маған сенгеніңіз, мен үшін әрдайым үміт отын үзбегендеріңіз үшін бәріңізге рақмет! Біз сіздермен бірге жеңістер мен жеңілістерді бастан өткердік, жаңа шыңдарды да бағындыра алдық, қуаныш көп болсын достар.

Мен әлі де бұрынғыдай шабыттанып келемін. Менің өмірімнің жаңа кезеңі басталды. Менің басымда көп ұзамай жүзеге асыратын көптеген керемет жобалар бар. Сондықтан қадағалай жүріңіз! Біз алдағы уақытта да қазақстандық спорттың игілігіне, жас ұрпақты дамытуға, жаңа Олимпиада чемпиондарын баптауға жұмыс істейтін боламыз. Менің ең жақсы жүзуім әлі алда деп сенемін! Барлығыңызға рақмет!",- деді Баландин.

Айта кетейік, Дмитрий Баландиннің жүлде қорында Олимпиада алтынынан бөлек Азия ойындарында жеңіп алған алты медаль бар. Олардың үшеуі алтын. Сондай-ақ ол Универсиадада төрт рет тұғырға көтерілді. Бұл ретте ол түрлі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, сондай-ақ Қазақстанның рекордсмені болып табылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпазы Дмитрий Баландиннің 27 жасында мансабын аяқтау туралы шешім қабылдағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1989049-keremet-zobalar-bar-27-zasynda-mansabyn-ayaqtagan-balandin-zankuierlerine-undeu-zasady/

pixel