Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тарихи жеңіс": Қазақстан Беларусьті ұтып, тұңғыш рет Ұлттар лигасында топ жеңімпазы атанды

Опубликовано:

Бақтияр Зайнутдинов гол соққан сәтін тойлауда
Бақтияр Зайнутдинов. Фото: sports.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында өткен матчта Беларусьті қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Ұлттар лигасының С тобында бәрінен озып, көш бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өз алаңында өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Беларусь командасын жеңді. Біздің команда сапынан Ғабышев пен Зайнутдинов көзге түсті, қарсыластар сапынан Савицкий бір гол соқты.

Осылайша, Қазақстан тарихи нәтиже тіркеп, Ұлттар лигасының В тобынан мерзімінен бұрын шығып қойды. Демек, Қазақстан футболшылары 2024 жылғы Еуропа чемпионатына біртабан жақындады.

Себебі Ұлттар лигасы мен Еуропа чемпионаты тығыз байланысты. 9 қазан күні Франкфуртте 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің жеребесі тартылады. Ал жеребеге қатысатын командалар тізімі Ұлттар лигасының қорытындысы бойынша жасақталады.

2024 жылғы Еуроға іріктеу матчтары 2023 жылдың 23 наурызы мен 21 қарашасы аралығында өтеді. Өз тобында бірінші және екінші орын алған командалар тікелей Германияда өтетін қарт құрлық біріншілігіне жолдама алады.

Ал Еуропа чемпионатының қалған үш жолдамасы Ұлттар лигасындағы А, В және С дивизонындағы үздік командалар арасында ойнатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1989194-tarixi-zenis-qazaqstan-belarusti-utyp-tungys-ret-ulttar-ligasynda-top-zenimpazy-atandy/

pixel