Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан-Беларусь матчын стадионнан қанша жанкүйердің тамашалағаны белгілі болды

Опубликовано:

қазақстан ұлттық құрамасының жанкүйерлері
Қазақстан ұлттық құрамасының жанкүйерлері "Астана аренада". Фото: Kff

Ұлттар лигасының 5-турында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Беларусь командасымен кездесіп, 2:1 есебімен ұтты. Тарихи матчты стадионнан қанша жанкүйердің тамашалағаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Маңызды матч елордадағы "Астана аренада" өтті.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, қос құрама арасындағы кездесуді тамашалау үшін стадионға 29 637 жанкүйер келген.

Еске сала кетейік, кеше, 22 қыркүйекте УЕФА Ұлттар лигасының маңызды ойынында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Беларусь футболшыларын қабылдап, 2:1 есебімен тарихи жеңіске жетті.

Қазақстан сапында Габышев пен Зайнутдинов мергендігімен көзге түсті.

Осы жеңістен соң Қазақстан құрамасы өз тобында жеңімпаз атанып, УЕФА Ұлттар лигасының "В" лигасына шықты. Сонымен қатар біздің футболшылар 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жолдамасына таласу құқығына ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1989319-qazaqstan-belarus-matcyn-stadionnan-qansa-zankuierdin-tamasalagany-belgili-boldy/

pixel