Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттар лигасының соңғы матчы Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды (видео)

Опубликовано:

футбол
Ұлттық құрама дайындық жұмыстарын жасап жатыр. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Ұлттар лигасының 6-турының матчтары өтті. Қазақстан құрамасы сырт алаңда Әзірбайжанға есе жіберсе, Словакия мен Беларусь арасындағы кездесуде тең есеп тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы матч тартысты басталды.

Кездесудің 35-минутында ұлттық құраманың қорғаушысы Нұралы Әліп "қызыл" қағаз алып, алаңнан қуылды.

Осыдан кейін алаң қожайындары жиі шабуылға шығып, нәтижесінде 66-минутта есеп ашылды. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марочкин өз қақпасына гол соғып алды.

Араға он минут салып Әзірбайжан командасы есепті еселеді. Гол авторы Озобич.

Матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда алаң иелері тағы бір доп соқты.

Осылайша, Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

6 турдан кейінгі топтағы жағдай:

Қазақстан - 13 ұпай,

Әзірбайжан - 10 ұпай,

Словакия - 7 ұпай,

Беларусь - 3 ұпай.

Естеріңізге сала кетейік, С лигасының үшінші тобында Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді.

22 қыркүйекте ұлттық құрама Беларусьті (2:1) жеңіп, мерзімінен бұрын бірінші орынға қол жеткізген болатын.

Осылайша, Қазақстан В лигасына жолдама және 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысу үшін плей-офф кезеңіне мүмкіндік алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1989512-ulttar-ligasynyn-songy-matcy-qazaqstan-quramasy-usin-satsiz-ayaqtaldy/

pixel