Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Әзірбайжаннан ірі есеппен жеңілді: Бас бапкер пікір білдірді

Опубликовано:

футбол
Қазақстан құрамасы жасыл алаңда. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев УЕФА Ұлттар лигасының соңғы турында Әзірбайжанмен болған ойынды қорытындылады, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

"Бізге өз күшімізді қалпына келтіру қажет. Бұл матчта жақсы ойнау үшін физикалық жағынан күш жетіспеді. Соңғы турдан кейінгі эмоциялардан кейін  психологиялық тұрғыдан қалыпқа келу қиын болды. Біз әлсіз ойнадық", - деді бас бапкер.

Осы орайда Адиев шәкірттерінің топтық кезеңдегі нәтижесіне көңілі толатынын жасырмады.

"Бүгінгі жеңіліс маған ауыр тиді. Бір жағынан осылай болғанына да қуаныштымын. Әрі қарай даму үшін ойланатын және талдау жасайтын дүниелердің бар екенін көрдік. Жалпы алғанда, турнирлік кестедедегі позициямыз бен жеткен жетістігімізге көңілім толады. Біз үшін бұл алға жасалған үлкен қадам. Бүгінгі жеңіліс осал тұстарымыздың бар екенін көрсетті", - деді ол.

Сонымен қатар бас бапкер жасыл алаңға ұлттық құраманың көсбасшысы Бахтиер Зайнутдиновтың неліктен шықпағанын түсіндірді.

"Зайнутдинов Беларусьпен болған ойында жарақат алып қалды, сондықтан бүгінгі матчқа қатыспады. Оның толық қалпына келуі үшін бірнеше апта қажет", - деді Адиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әзірбайжан құрамасының Қазақстанда 3:0 есебімен ұтқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1989513-qazaqstan-azirbaizannan-iri-eseppen-zenildi-bas-bapker-pikir-bildirdi/

pixel