Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Исламның шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Опубликовано:

Қанат Ислам
Қанат Ислам шаршы алаңда. Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам екі аптадан кейін рингке оралады. Бұл ақпаратты оның жаттықтырушысы растады, деп хабарлайды Sports.kz.

Қанат Исламның бапкері Роджер Ромоның сөзінше, былғары қолғап шеберінің келесі жекпе-жегі 7 қазан күні өтпек.

Отандасымыздың кіммен және қайда жұдырықтасатыны әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың ақпан айында АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен кездесуде Қанат Ислам ұлыбританиялық Джимми Келлимен кездескен болатын. Екі боксшы орта салмақтағы WBO Global ваканттық атағына таласты.

Жекпе-жекте Қанат Ислам қарсыласына есе жіберді. Бұл - боксшының мансабындағы алғашқы жеңілісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1989544-qanat-islamnyn-sarsy-alanga-qasan-oralatyny-belgili-boldy/

pixel