Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зайнутдинов Әзербайжанға қарсы матчқа неге қатыспады: Бас бапкер себебін айтты

Опубликовано:

футболшы
Бақтиер Зайнутдинов Беларуське қарсы матчта. 22 қыркүйек. Фото: kff

Кеше футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының соңғы турында Әзірбайжанға есе жіберді. Кейінірек матчқа команданың көсбасшысы, мәскеулік ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың неліктен шықпағаны белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кездесуден соң Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ойынды қорытындылады.

Баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі бапкерден құраманың көсбасшысы Бақтиер Зайнутдиновтың Әзірбайжанға қарсы матчқа неге қатыспағанын сұрады.

"Зайнутдинов Беларусьпен болған ойында жарақат алып қалды, сондықтан бүгінгі матчқа қатыспады. Оның толық қалпына келуі үшін бірнеше апта қажет", - деді Магомед Адиев.

Cонымен қатар Ұлттар лигасының соңғы турындағы ойынға ұлттық құраманың капитаны Асхат Тағыберген де қатыспады. Ол Беларуське қарсы матчта "қызыл қағаз" алып, алаңнан қуылған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әзірбайжан құрамасының Қазақстанда 3:0 есебімен ұтқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1989549-zainutdinov-azerbaizanga-qarsy-matcqa-nege-qatyspady-bas-bapker-sebebin-aitty/

pixel