Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тарихи көрсеткіш": Қазақстан құрамасы Адиевтің жаттықтыруымен матчтардың 67 пайызында жеңіске жеткен

Опубликовано:

ұлттық құрама
Магомед Адиев шәкірттерінің ортасында. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңінде төрт матчта жеңіске жетті. Бұл уақытта еліміздің негізгі командасын ресейлік маман Магомед Адиев жатықтырды, деп жазады Sports.ru.

Бұл - ұлттық құраманың жаттықтырушылары арасындағы ең үздік нәтиже: Қазақстан футболшылары Адиевтің басшылығымен матчтардың 67 пайызында жеңіске жетуде.

Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған бапкерлердің көрсеткіштері:

  1. Магомед Адиев - 67 пайыз жеңіс (6 матч)
  2. Андрей Карпович - 50 пайыз жеңіс (2 матч)
  3. Станимир Стойлов - 33 пайыз жеңіс (9 матч)
  4. Михаил Билек - 28 пайыз жеңіс (15 матч)
  5. Бренд Шторк - 22 пайыз жеңіс (14 матч).

Естеріңізге сала кетейік, С лигасының үшінші тобында Қазақстан құрамасы 13 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды.

Осылайша, Қазақстан В лигасына жолдама және 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысу үшін плей-офф кезеңіне мүмкіндік алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1989622-tarixi-korsetkis-qazaqstan-quramasy-adievtin-zattyqtyruymen-matctardyn-67-paiyzynda-zeniske-zetken/

pixel