Бекзад Нұрдәулетовтің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Опубликовано:

Бекзад Нұрдәулетов
Фото: instagram.com/nurdauletovbekzad

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетовтің келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Adal Promotions промоутерлік компаниясының мәліметінше, спортшы 1 қазанда Люблин қаласында (Польша) рингке шығады.

Бекзадтың қарсыласы - грузиялық Яго Кизирия.

Жекпе-жек рейтингтік сипатта болмақ.

Бекзад Нұрдәулетов соңғы жекпе-жегін 11 маусым күні Ақтау қаласында өткізді. Сол кезде былғары қолғап шебері отандасы Михаил Коханчикті төрешілердің шешімімен ұтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Бекзад Нұрдәулетов - 2019 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1989675-bekzad-nurdauletovtin-sarsy-alanga-qasan-oralatyny-belgili-boldy/