Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Хамитовтың бұрынғы қарсыласы әскерге шақыру қағазы келген соң Ресейден қашып кеткен

Опубликовано:

Мариф Пираев
ММА: sports.kz

Аралас жекпе-жек шебері Шамиль Галимов өзінің әріптесі Мариф Пираевқа Ресейдегі ішінара мобилизацияға байланысты әскери бөлімнен шақыру қағазы келгенін айтты, деп хабарлайды Championat.com.

Әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде Галимов әріптесі Мариф Пираев әскерге шақырылуына байланысты Ресейден кеткенін айтты.

"Марифке шақыру қағазына келді, ол Ресейден қашып кетті", - деді Галимов.

Пираев әлеуметтік желідегі парақшасында бұл ақпаратқа байланысты пікір білдірген жоқ. Басылым мәліметінше, спортшының телефонына белгісіз әйел жауап берген және ол жағдайға қатысты ештеңе айтпаған.

Еске сала кетейік, Пираев өткен жылдың қыркүйек айында AMC Fight Nights & Дон Атаман турнирінде қазақстандық файтер Қуат Хамитовты төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1989683-baq-xamitovtyn-buryngy-qarsylasy-askerge-saqyru-qagazy-kelgen-son-reseiden-qasyp-ketken/

pixel