Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатында баскетболшылар төбелесті: Видео желіде тарады

Опубликовано:

Баскетбол
Көрнекі фото: pixabay.com

Мали құрамасының баскетболшылары Әлем чемпионатының топтық кезеңінің төртінші турында Сербиядан жеңілді. Матчтан соң африкалық спортшылар өзара төбелесіп қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео YouTube желісіндегі Sport Klub арнасында жарияланды.

Оқиға БАҚ өкілдеріне арналған аймақта болған. Кадрдан екі Мали спортшысының жаға жыртысқанын, оларды әріптестерінің ажыратып жатқанын байқауға болады.

Айта кетейік, топтық кезеңнің төртінші турында Мали құрамасы Сербиядан 68:81 есебімен жеңілді. Осылайша, африкалық спортшылар әлем чемпионатындағы барлық матчта қарсыластарына есе жіберіп, байрақты бәсекенің плей-офф кезеңіне шығуға берілетін мүмкіндіктен айырылып отыр.

Баскетболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Аустралияның Сидней қаласында өтуде. Турнир 22 қыркүйек пен 1 қазан аралығында болады деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1989686-alem-cempionatynda-basketbolsylar-tobelesti-video-zelide-tarady/

pixel