"Реал" мен "Барселонаның" бұрынғы футболшысы Ұлттар лигасындағы Қазақстанның ойынына баға берді

Опубликовано:

футбол
"Астана аренадағы" Қазақстан мен Беларусь матчы. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Мадридтік "Реал", "Барселона" және Хорватия құрамасының бұрынғы ойыншысы Роберт Просинечки Ұлттар лигасындағы Қазақстанның ойынына баға берді, деп хабарлайды Azerisport.com.

Айта кетейік, Роберт Просинечки бапкерлік мансабында Әзербайжан құрамасын жаттықтырған.

Оның сөзінше, Ұлттар лигасының соңғы үш турында Әзербайжан құрамасы жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен.

"Қатарынан үш кездесуде жеңіске жету өте жақсы нәтиже. Әзербайжан құрамасы бұл кездесулерде жақсы ойнады, лайықты жеңіске жетті.

Топтағы тосынсыйдың бірі - Қазақстан құрамасының жеңімпаз атануы Әзербайжанда да бұндай тосынсыйға қол жеткізуге мүмкіндік бар еді.

Алайда үлкен турнирлерде әрдайым жоғарғы деңгейде ойнау оңай емес. Қалай болғанда да, мықты футболшылар арасында таңдау болса бұл мүмкін нәрсе. Егер ұсыныс түссе Әзербайжан құрамасына қайта ораламын ба? Әзірге ондай жоспар жоқ. Сондықтан ештеңе айта алмаймын. Бірақ болашақта не боларын ешкім білмейді. Одан бөлек қазіргі уақытта Әзербайжан құрамасының бас бапкері бар. Бәрі қалай өрбитінін көрейік. Сондықтан бұл сауалға әзір жауап бере алмаймын", - деді Просинечки.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әзербайжан құрамасының Қазақстанда 3:0 есебімен ұтқанын хабарлаған болатынбыз.

Бұған қарамастан ұлттық команда С лигасының үшінші тобында 13 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды.

Осылайша, Қазақстан В лигасына жолдама және 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысу үшін плей-офф кезеңіне мүмкіндік алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1989751-real-men-barselonanyn-buryngy-futbolsysy-ulttar-ligasyndagy-qazaqstannyn-oiynyna-baga-berdi/