Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қанша адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады

Опубликовано:

Көкпар
Көрнекі фото: talbesik.kz

Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев Қазақстанда қанша адам ұлттық спорт түрлерімен айналысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Самат Ерғалиев 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетінін еске салды.

Онда Қазақстан құрама командасының 49 спортшысы сайыстың 5 түрі бойынша бақ сынайды.

Комитет төрағасының сөзінше, еліміз бойынша 490 мың адам ұлттық спорт түрлерімен тұрақты тұрде айналысады.

Мемлекет тарапынан ұлттық спортты дамыту мақсатында білім беру ұйымдарында ұлттық спорт түрлерін міндетті компонент ретінде енгізу үшін Дене шынықтыру және спорт туралы заңға өзгеріс енгізілгені белгілі болды.

"ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне ұлттық спорттың төрт түрі енді. Олар - асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және саятшылық", - деді Ерғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1989850-qazaqstanda-qansa-adam-ulttyq-sport-turlerimen-ainalysady/

pixel