Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы анықталды

Опубликовано:

Ұлттық құрама
Ұлттық құрама. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Ұлттар лигасында өз тобында Қазақстан құрамасы сапындағы үздік ойыншы анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

WhoScored.com футбол статистикасы сайтының нұсқасы бойынша С дивизионы үшінші тобындағы барлық құрама ойыншылары арасында қазақстандық Михаил Габышев жоғары рейтингке қол жеткізген. Оны орташа бағалауы 7.3 балды құрады.

Сонымен қатар аталған топтың символикалық құрамасына Габышевтен өзге тағы төрт футболшы еніп отыр. Олар: Аслан Дарабаев, Ян Вороговский, Абат Айымбетов және Игорь Шацкий.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әзербайжан құрамасының Қазақстанда 3:0 есебімен ұтқанын хабарлаған болатынбыз.

Бұған қарамастан ұлттық команда С лигасының үшінші тобында 13 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды.

Осылайша, Қазақстан В лигасына жолдама және 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысу үшін плей-офф кезеңіне мүмкіндік алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1989918-ulttar-ligasy-qazaqstan-quramasynyn-uzdik-oiynsysy-anyqtaldy/

pixel