Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттар лигасының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды

Опубликовано:

Футбол
Футболшы жарақат алды. Көрнекі фото: pixabay.com

Кеше Ұлттар лигасының топтық кезеңінің соңғы туры өтті. Осылайша, жартылай финалда өнер көрсететін төрт құрама белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Финалға берілетін жолдамаға Испания, Италия, Нидерланды және Хорватия таласпақ.

Испания соңғы турда Портагалияны жеңіп, 11 ұпаймен А лигасының екінші тобында жеңімпаз атанды.

Бұған дейін Италия, Нидерланды және Хорватияның өз тобында бірінші орынға ие болған.

Ұлттар лигасының жартылай финалы 2023 жылы 14-15 маусымда өтеді. Ал финал мен үшінші орынға талас 18 маусымға жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының қазіргі жеңімпазы Франция құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1989961-ulttar-ligasynyn-zartylai-finalyna-syqqan-komandalar-belgili-boldy/

pixel