Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси мен Роналду соңғы 10 матчта қанша гол соқты (фото)

Опубликовано:

стадион
Стадионға келген жанкүйер. Фото: pixabay.com

Әлем футболының жұлдыздары Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың соңғы 10 матчта қанша гол соққаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Криштиану Роналду тамыз және қыркүйек айларында "Манчестер Юнайтед" пен Португалия құрамасы сапында барлығы 10 матчқа қатысып, бір мәрте мергендігімен көзге түскен. Шабуылшы Еуропа лигасы аясындағы кездесуде молдовиялық "Шериф" қақпасына он бір метрлік айып добынан гол ұрды.

Бұдан бөлек шабуылшы Ұлттар лигасында Чехия құрамасына соғылған бір голға үлесін қосты. Яғни Роналду құрамадағы әріптесі Жотаға нәтижелі пас берді.

Ал Лионель Месси Аргентина мен ПСЖ сапында соңғы 10 ойында 6 рет қарсыластың қақпашысынан айласын асырған. Сонымен қатар шабуылшы 6 нәтижелі пастың авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1989969-messi-men-ronaldu-songy-10-matcta-qansa-gol-soqty-foto/

pixel