Қазақстандық клубта өнер көрсеткен ресейлік футболшыға әскерге шақыру қағазы келді

Опубликовано:

Сергей Гришин
Сергей Гришин. Фото: commons.wikimedia.org

Мәскеулік "Динамо" мен Ресей құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Сергей Гришин БАҚ өкілдеріне әскерге шақыру қағазы келгенін және оны қалай қабылдағанын айтып берді, деп жазады "Известия".

"Ішінара мобилизация туралы жарияланған соң алғашқы күні пошта жәшігінен әскерге шақыру қағазын алдым. Бұдан әрі не істеу керектігін білмеймін. Бір жаққа бару керек пе немесе әскери бөлімге жиналған жөн бе?", - деді 48 жастағы Гришин.

Осы орайда бұрынғы футболшы әліптің артын бағатынын жеткізді.

Сергей Гришин футболдан Ресей біріншілігінде өнер көрсететін "Динамо", "Шинник" және "Асмарал" клубтарында доп тепкен. Ол мансабының соңғы жылын астаналық "Жеңіс" клубында өткізді.

Жартылай қорғаушы Ресей құрамасы сапында үш ойынға қатысып, бір гол ұрған.

Еске сала кетейік, кеше, 21 қыркүйек күні Ресей федерациясының президенті Владимир Путин ресейліктерге жасаған үндеуінде ішінара мобилизация туралы жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1989981-qazaqstandyq-klubta-oner-korsetken-reseilik-futbolsyga-askerge-saqyru-qagazy-keldi/