Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Еуро-2024-ке шығу үшін қай құрамамен ойнайтыны белгілі болды

Опубликовано:

ұлттық құрама
Астана арена. Қазақстан мен Беларусь матчы. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасы ЕУРО-2024 плей-офф кезеңінің алғашқы ойынын Грузияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

С лигасында төрт топта бірінші орын алған командалар арасындағы үздік нәтижені Грузия көрсетті. Олар 16 ұпай жинады.

Қазақстан құрамасының еншісінде 13 ұпай.

Түркия да 13 ұпайға ие болды. Алайда Түркияның доп айырмашылық көрсеткіші Қазақстанмен салыстырғанда жоғары. Осылайша, екінші жұпты Грекия мен Түркия құрады. 

"Егер Грузия құрамасы Еуропа чемпионатына келесі жылы өтетін іріктеуден жолдама алып кетпесе, 2024 жылдың наурызында Қазақстан - Грузия матчына куә боламыз", - делінген басылымда. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1990050-qazaqstan-euro-2024-ke-sygu-usin-qai-quramamen-oinaityny-belgili-boldy/

pixel