Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абель Санчес Головкиннің келесі қарсыласы туралы айтты

Опубликовано:

Абель Санчес
Абель Санчес пен Геннадий Головкин баспасөз конференциясында. Фото: Ethan Miller/Staff/Getty Images

Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының келесі қарсыласы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды fightnews.info.

Бапкердің сөзінше, GGG келесі кездесуінде Джармалл Чарло мен Деметриус Андрадемен жұдырықтасуға міндетті емес.

"Қазіргі уақытта Головкинде Андраде немесе Чарломен жекпе-жек өткізуге ешқандай себеп жоқ. Бұл кездесулерден ешқандай пайда болмайды. Қоғам әрқашан бір нәрсені қалайды. Чарломен GGG арасындағы жекпе-жекті қалайтын көп жанкүйерлер бар екенін мойындаймын, алайда олар боксшыны жылдар бойы шақырып келеді. Джермалл олардың текетіресі сәтті болуы үшін ештеңе істеген жоқ", - деді Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Абель Санчес қазақстандық боксшының мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1990125-abel-sances-golovkinnin-kelesi-qarsylasy-turaly-aitty/

pixel