"Барыс" сырт алаңда үздік командалардың бірін жеңіп, сенсация жасады (видео)

Опубликовано:

Барыс
"Барыс" хоккейшілері мұз алаңда. Фото: hcbarys.kz

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында "Барыс" сырт алаңда мәскеулік "Спартакты" жеңді. Есеп 1:3, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Матч алаң иелерінің қарқынды шабуылымен бастады. Нәтижесінде төртінші минутта мәскеулік клуб хоккейшісі Захар Арзамасцев мергендігімен көзге түсті.

Осыдан кейін ойын қос үжымның алма-кезек шабуылымен жалғасты. Алайда бірінші және екінші кезеңде жанкүйерлер гол көре алмады.

Матчтың үшінші кезеңінде "Барыс" басымдылықты қолға алып, Джереми Бракко 40-минутта есепті теңестірді. Бес минуттан кейін Аркадий Шестаков астаналық ұжымды алға шығарса, 53-минутта Егор Петухов матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, "Барыс" сырт алаңда мәскеулік "Спартакты" 1:3 есебімен жеңді.

Айта кетейік, 2 қазан күні "Барыс" өз алаңында "Сочи" хоккей клубын қабылдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1990143-barys-syrt-alandagy-oiynda-uzdik-komandalardyn-birin-utyp-sensaciya-zasady-video/