Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты бразилиялық футболшы 35 жасында мансабын аяқтады (видео)

Опубликовано:

Бразилия
Бразилия құрамасының спорттық жейдесі. Көрнекі фото: pixabay.com

Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы Рамирес 35 жасында мансабын аяқтады, деп хабарлайды Sports.ru.

"Мүмкіндік беріп, спортта ең жоғары деңгейге жеткізгені үшін тек Құдайға алғыс айтамын.

Енді басқа жолмен жүретін боламын. Алайда балалық шақтан келе жатқан қуаныш пен батылдықты сақтай беремін. Футбол, барлығы үшін рақмет", - деді 35 жастағы бразилиялық.

Айта кетейік, Рамирес кәсіби мансабында бразилиялық "Жоинвиль", "Крузейро", "Палмейрас" және португалиялық "Бенфика", англиялық "Челси", қытайлық "Цзянсу Сунин" клубтарында доп тепті.

Жартылай қорғаушы - Чемпиондар лигасының, Еуропа лигасының, Англия біріншілігінің, Англия кубогының жеңімпазы.

Ол Бразилия құрамасында 51 матч өткізіп, төрт гол соққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1990148-ataqty-braziliyalyq-futbolsy-35-zasynda-mansabyn-ayaqtady-video/

pixel