Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатының басты фавориті қай команда

Опубликовано:

Катар
Көрнекі фото: pixabay.com

Екі айдан соң Катарда футболдан әлем чемпионаты басталмақ. Төрткүл дүние тамашалайтын турнирдің басты фавориттері қай команда екенін Sports.ru хабарлады.

Goal нұсқасы бойынша рейтингті Бразилия бастап тұр. Үздік үштіктің қатарында Франция мен Аргентина бар.

Үздік ондықтың тізімі келесідей:

1. Бразилия;

2. Франция;

3. Аргентина;

4. Испания;

5. Германия;

6. Англия;

7. Нидерланды;

8. Бельгия;

9. Дания;

10. Португалия.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1990153-futboldan-katarda-otetin-alem-cempionatynyn-basty-favoriti-qandai-komanda/

pixel