Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бельгия құрамасының футболшысы БАӘ клубына ауысты (видео)

Опубликовано:

Доп1
Көрнекі фото: piqsels.com

"Манчестер Сити" мен "Лионның" бұрынғы қорғаушысы Джейсон Денайер Біріккен Араб Әмірліктерінің чемпионатында өнер көрсететін клубқа ауысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Енді 27 жастағы футболшы "Шабаб Аль-Ахли" клубында доп тебеді. Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.

Оның медициналық тексерістен сәтті өтіп, жаңа ұжыммен еркін агент ретінде келісім-шартқа отырғаны белгілі болды.

Жазғы ауысым кезде қорғаушыға мәскеулік "Спартак", англиялық "Вулверхэмптон" клубтары қызығушылық танытқан еді.

Айта кетейік, Джейсон Денайер 2013 жылы "Манчестер Сити" ойыншысы атанды. Алайда аталған клубта ресми бірде-бір матчқа шықпады. Оны "қалалықтар" Франция біріншілігінде өнер көрсететін "Лионға" жалға беріп, кейінірек сатты.

Қорғаушы "Лион" сапында 137 матчқа қатысып, сегіз гол соққан.

2015 жылы Джейсон Денайер Бельгия құрамасында дебют жасап, содан бері 35 ойынға қатысып, бір мәрте мергендігімен көзге түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1990237-belgiya-quramasynyn-futbolsysy-baa-klubyna-auysty-video/

pixel