Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жансая Әбдімәлік Астанадағы беделді Гран-при турнирінде үздік бестікке енді

Опубликовано:

Жансая Әбдімәлік жарыс кезінде
Жансая Әбдімәлік. Фото: kazchess.kz

Астанада шахматтан әйелдер арасындағы FIDE Гран-при турнирінің бірінші сериясы аяқталды. Аталған сында ресейлік спортшы жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Беделді турнирде ел намысын қорғаған Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева жүлделі орынға іліккен жоқ.

11 партияда екі рет жеңіске жетіп, екі рет жеңіліп, жеті рет тең түскен Жансая 5,5 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.

Ал Бибісара бір рет жеңіп, үш рет жеңіліп, жеті рет қарсыласпен тең түскен. Нәтижесінде, Асаубаева жарысқа қатысқан 12 шахматшының арасынан оныншы орынға табан тіреді.

Соңғы турда Жансая польшалық Алина Кашлинсканы жеңсе, Бибісара қытайлық Чжу Цзиньэрмен тең ойнады.

Гран-при турнирінің бірінші кезеңін 8 ұпай жинаған ресейлік Екатерина Лагно жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990317-zansaya-abdimalik-astanadagy-bedeldi-gran-pri-turnirinde-uzdik-bestikke-endi/

pixel