Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бибосынов бар: Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылардың тізімі шықты

Опубликовано:

Бокс
Фото: olympic.kz

Сирия астанасы Амманда бокстан кезекті Азия чемпионаты өтеді, оған Қазақстанның ерлер құрамасы қатыспақ. Байрақты бәсеке 30 қазан күні басталады деп жоспарланып отыр.

Sports.kz мәліметінше, Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов турнирге кімдер қатысатынын атап өткен.

"Біздің құрама көшбасшылары: әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, әлем чемпионатының финалисі Серік Теміржанов, Сабырхан Махмұт, команда капитаны Асланбек Шымбергенов, Оралбай Нұрбек, Оралбай Айбек, Сағындық Тоғамбай және тағы басқалары қатысады. +91 келіде біз Қамшыбек Құңқабаевты қарастырамыз, ол салмақта Нұрлан Сапарбай да бар, әзірге ол екінші нөмірде", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1990386-bibosynov-bar-aziya-cempionatyna-qatysatyn-qazaqstandyq-bokssylardyn-tizimi-syqty/

pixel