Нұралы Әліптің бұрынғы бапкері "Каспий" футбол клубының басшысы болып тағайындалды (фото)

Опубликовано:

шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

"Каспий" футбол клубы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында ұжымға жаңа басшының тағайындалғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшының уақытша міндетін атқарушысы Бисенкулов Жамбыл, біздің ұжымға Каспий футбол клубы басшының уақытша міндетін атқарушы Джамбиров Ержан Мақсатұлын таныстырды", - делінген хабарламада.

Ержан Мақсатұлының еңбек жолдары:

  • 2009-2015 ж.ж. - "Каспий" футбол орталығының 1999 жылғы жасөспірімдер командасының бас бапкері;
  • 2015-2016 ж.ж. - Қазақстан велоспортының федерациясында менеджер қызметінде еңбек етті;
  • 2016-2018 ж.ж. "Астана футбол клубында "Негізгі команданың селекционері", содан соң "Спорттық менеджері" және "Спорттық директоры" қызметтерінде еңбек етті;
  • 2018 жылы Көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубында "Спорттық директоры" қызметінде еңбектенді;
  • 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Маңғыстаулық "Каспий" футзал клубының директоры міндетін атқарды.

"Каспий" футбол клубы Ержан Мақсатұлын шын жүректен құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Ержан Мақсатұлы "Зенит" сапында өнер көрсететін Нұралы Әліптің және "Астана" ойыншысы Талғат Кусяповтың бұрынғы бапкері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1990548-nuraly-aliptin-buryngy-bapkeri-kaspii-futbol-klubynyn-bassysy-bolyp-tagaiyndaldy-foto/