Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов титулын сәтті қорғады

Опубликовано:

Мейірім Нұрсұлтанов
Мейірім Нұрсұлтанов шаршы алаңда. Фото: David Spagnolo/Main Events

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Люблинде (Польша) өткен бокс кешінде жеңіске жетіп, орта салмақтағы WBO International титулын сәтті қорғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандасымыздың қарсыласы аргентиналық боксшы Марсело Эстебан Косерес болды. Кездесу он раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасты.

Нәтижесінде Мейірім Нұрсұлтанов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Мейірім Нұрсұлтанов рейтингие бір саты төменге сырғығанын жазған едік. Алдында ол он төртінші орында болса, қазіргі уақытта үздік он бес боксшыны қорытындылап тұр.

Сұлтан Заурбек екінші жеңіл салмақта жоғарылады. Бір позицияға көтерілген отандасымыздың 13-сатыға жайғасқаны анықталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1990655-kasipqoi-bokssy-meiirim-nursultanov-titulyn-satti-qorgady/