Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекзад Нұрдәулетов Польшада өткен бокс кешінде жеңіс тұғырынан көрінді

Опубликовано:

Бекзад Нұрдәулетов
Фото: instagram.com/nurdauletovbekzad

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Люблинде (Польша) өткен бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандасымыз Грузия боксшысы Яго Кизириямен жұдырықтасты. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасты.

Нәтижесінде Бекзад Нұрдәулетов төрешілердің шешімімен кездесудің жеңімпазы атанды.Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісі. Оның есебінде жеңіліс жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Бекзад Нұрдәулетов - әуесқой бокстан 2019 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1990656-bekzad-nurdauletov-polsada-otken-boks-kesinde-zenis-tugyrynan-korindi/

pixel