Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшпенділер ойынында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Опубликовано:

Марат Нығматуллаев
Марат Нығматуллаев. Фото: ulttyqatsport.kz

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақ күресінен Марат Нығматуллаев чемпион атанды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Байрақты бәсекеде 60 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық балуан финалда моңғол балуанынан айласын асырды. Белдесу екі минутта аяқталды.

Айта кетейік, қазақ күресінен алты салмақта жүлделер сарапқа салынады. Енді ерлерден Мақсат Исағабылов (80 келіден жоғары), Еламан Қойшыбаев (80 келі) бозкілемге шығады.

Ал әйелдерде Рауза Нұрмахаметова (55 келі), Зарина Сарипова (65 келі) және Мөлдір Азамат (65 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық көкпаршылар финалға шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990665-kospendiler-oiynynda-qazaqstan-qorzynyna-algasqy-altyn-medal-tusti/

pixel