Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио қарсаңында құрамадан кетіп қалған боксшы Тұрсынбай Құлахмет командаға қайта оралды

Опубликовано:

Тұрсынбай Құлахмет бокстан Азия чемпионатында, 2019 жыл
Тұрсынбай Құлахмет: olympic.kz

Бокстан Азия чемпионатының өтетін уақыты белгіленді. Сары құрлық додасы 30 қазан мен 13 қараша аралығында Иордания астанасы Амманда ұйымдастырылады. Бүгінде бас бапкер Қайрат Сәтжанов құрлық біріншілігіне қатысатын боксшыларды таңдау үстінде, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов әр салмақтың үздіктерін саралап, Азия чемпионатына аттанатын боксшыларды тексеру үстінде.

"Нақты құрамды қазан айында айтамыз. Әзірге, әр салмақтағы боксшыларды салыстыру үстіндеміз. 48 келіде Теміртас Жүсіпов пен Санжар Тәшкенбайдың бірі ел намысын қорғайды. 51 келіде Сәкен Бибосынов, 54 келіде Махмұд Сабырхан, 57 келіде Серік Теміржанов бақ сынайды. Бұл – нақты шешім.

60 келіде Саматәлі Төлтаев пен Әділет Құрметовтің біріне ел намысын қорғау бақыты бұйырады. 63 келіде үш боксшыны бақылап отырмыз. Олар – Сұлтан Мусинов, әйгілі Кинделанды жеңген Руслан Мусиновтің ұлы, Мұхамедсабыр Базарбайұлы және Санатәлі Төлтаев.

67 келіде Дулат Бекбаев пен Серік Абзал арасында таңдау жүреді. 71 келіде Асланбек Шымбергенов сыға түседі. 75 келіде Азия чемпионатына қатысуға төрт бірдей боксшымыз үміткер. 2019 жылы Азия чемпионы атанған Тұрсынбай Құлахмет, Нұрқанат Райыс, Диас Монжігітов және Тимур Нұрсейітовтер бір орынға таласуда.

80 келіде Нұрбек Оралбай, 86 келіде Сағындық Тоғамбай, 92 келіде Айбек Оралбай жұдырықтасады. Ал аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев пен Нұрлан Сапарбайдың бірі Азия додасына аттанады", – дейді бас бапкер.

Тізімде азды-көпті өзгеріс бар. Мәселен, Токио Олимпиадасына қатыспайтыны белгілі болған соң кәсіби боксқа кеткен Тұрсынбай Құлахмет құрамаға қайта оралды. Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Тұрсынбайдың әбігері көп болып тұрған 75 келіні алға сүйрейтін мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, Токио ойындарынан кейін үзіліс алған Қамшыбек Қоңқабаевтың оралғанын да жанкүйер жылы қабылдауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1990683-tokio-qarsanynda-quramadan-ketip-qalgan-bokssy-tursynbai-qulaxmet-komandaga-qaita-oraldy/

pixel