Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үстел теннисінен Тоқаевтың өзі құттықтаған ойыншы әлем чемпионатында алғаш рет жеңді

Опубликовано:

Алан Құрманғалиев әлем чемпионатында ойнауда, 2022 жыл
Алан Құрманғалиев. Фото: olympic.kz

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен әлем біріншілігінде қазақстандықтар алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы ҰОК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан құрамасы үшінші айналымда Өзбекстан командасын 3:0 есебімен ұтты. Біздің құрама сапыеда Денис Жолудев, Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиевтер өнер көрсеткен.

Денис Жолудев - Абдулазиз Анорбоев 3:0 (11:6, 11:6, 11:8)

Кирилл Герасименко - Шохрух Искандаров 3:0 (11:2, 11:6, 11:8)

Алан Құрманғалиев - Эльмурод Холиков 3:0 (11:5, 11:2, 12:10)

Алғашқы екі кезеңде қазақстандық теннисшілер Франция мен Германияға есе жіберген еді.

Айта кетелік, бұған дейін Азия біріншілігінде қола медаль жеңіп алған Алан Құрманғалиевті Тоқаев арнайы құттықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990686-ustel-tennisinen-toqaevtyn-ozi-quttyqtagan-oiynsy-alem-cempionatynda-algas-ret-zendi/

pixel