Ұзақ мерзімді серіктестік: Parimatch Қазақстан хоккей федерациясының (ҚХФ) титулды серіктесі атанды

Опубликовано:

Хоккей
Фото: Parimatch

Қазақстан хоккей федерациясы (ҚХФ) мен Parimatch Kazakhstan №1 онлайн-букмекерлік кеңсесі арасындағы нәтижелі екі жылдық серіктестік нығайып келеді. Жаңа келісімге сәйкес, Parimatch хоккейден 2022-2025 жылдарға арналған ерлер (PRO), жастар (JASTAR), әйелдер (QYZDAR) және әуесқойлар (TUNGI) арасындағы Қазақстан чемпионатының титулдық серіктесі атанды.

Жаңа келісім бұрыннан бар бірқатар уағдаластықты нығайтып, қазақстандық хоккейдің дамуына жаңа мүмкіндіктер береді. Алдағы уақытта трансляциялардың ұйымдастырылуына аса көңіл бөлінетін болады. Алғаш рет эфирде қазақстандық барлық хоккей лигаларының матчтары көрсетіледі: PRO, JASTAR, QYZDAR және TUNGI Hokei Ligasy. Келісім ұлттық құрамаларды да қамтиды деп жоспарлануда, бұл ретте Халықаралық хоккей федерациясының шарттары бұзылмайтындығын атап өту керек. Бұл жанкүйерлер Әлем чемпионатына дайындық турнирлерінде үйдегі және сырттағы ойындарды тамашалай алады дегенді білдіреді.

"Parimatch-пен екі жылдық серіктестіктен кейін біз ағымдағы келісімшартты тағы үш жылға ұзарту туралы шешім қабылдадық. Меніңше, мұндай қадам екі тараптың Қазақстандағы хоккейді дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді ортақ мақсаттарының жемісті болатындығына сенім ұялатады. "InSport" телеарнасы біздің серіктестігіміздің жақсы көрсеткіші, содан кейін "InHockey-дің" хоккей бөлімшесі трансляцияларының сапасын айтарлықтай жақсартты, енді біз жаңа деңгейге шығуға дайынбыз. Барлық аймақтарда жаңа кадрлар – комментаторлар, операторлар, т.б. өсіп келеді. Мұның барлығы қазақстандық хоккейді танымал ету үшін жасалып жатыр және біз Parimatch сияқты мықты серіктестің осы мақсатқа жетуге көмектесіп жатқанына қуаныштымыз", - деп ҚХФ бас директоры Глеб Каратаев алдағы жоспарлармен бөлісті.

Келісім сондай-ақ спорт саласындағы білім беру және ойын-сауық шараларына ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Алдағы жоспарда клубтардың, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметкерлеріне және медиа мамандықтары бойынша оқитын 3-4 курс студенттеріне спорттық маркетинг бойынша семинар өткізу де бар. Жоғарыда айтылғандардан бөлек кәсіптік клубтардағы маркетинг бөлімінің мамандары үшін спорттағы демеушілік тақырыбы бойынша 3 айлық оқу курсы жоспарланған. Айта кету керек, бұл курстар мен семинарлар Parimatch-пен ынтымақтастық аясында тегін өтеді.

Бұл бағыттағы жоспарлары туралы Parimatch Kazakhstan компаниясының басшысы Роман Бойко былай деді:

"Қазақстан хоккей федерациясымен арадағы келісімнің ұзартылуы - бұрынғы келісімдерімізді нығайтуға, жетістіктерімізді жақсартуға және осылардың негізінде алға батыл жоспарлар құруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Біз жаңа керемет жобаларды жүзеге асырғымыз келеді, барлығымыз үшін олардың пайдасы болары анық. Қазір біз спорт пен білімді қарқынды деңгейде бірге алып жүре алатын адамдар үшін қолжетімді болатын әдеттен тыс форматтарды іздеудеміз".

Келісімде чемпионаттардың атауын PARIMATCH PRO/JASTAR/QYZDAR/TUNGI Ligasy деп өзгертуді және титулды серіктестің логотипі мен айдентикасын Чемпионатқа қатысатын клубтардың графикасы мен трансляцияларына біріктіру де қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1990736-uzaq-merzimdi-seriktestik-parimatch-qazaqstan-xokkei-federaciyasynyn-qxf-tituldy-seriktesi-atandy/