Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы қанша медаль жеңіп алды

Опубликовано:

спортшылар
Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған спортшылар. Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Түркияда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды — 3 алтын, 4 күміс және 2 қола, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жарыс алғаш рет Түркияда өтті, оған әлемнің 102 мемлекетінен 3 мыңнан астам спортшы 13 спорт түрінен қатысты.

Қазақ спортшылары спорттың 5 түрінен (қазақ күресі, көкпар, көкбөрі, жамбы ату, садақ ату) өнер көрсетті.

  • Қазақ күресі бойынша біздің құрама қоржынында 6 медаль бар: Марат Нығматуллаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алтынды Зарина Сарипова ел қоржынына салды. Еламан Қойшыбаев (80 келі) пен Рауза Нұрмұхамметова (55 келі) күміс, ал "Қазақстан Барысы" Мақсат Исағабылов (+80 келі) пен Мөлдір Азамат (+65 келі) қола жүлдегер атанды.
  • Қасымхан Қанат дәстүрлі садақ атудан финалда өнер көрсетті. Аталған спорт түрінен 32 елден келген 95 атлет бақ сынады. Ол өзінің қарсыласы Оғыз Окшадан 2 ұпай айырмашылығымен жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
  • Көкбөріге Қазақстан, Қырғызстан, Түркия командалары қатысты. Түркия командасы өз қалауы бойынша үшінші орынға келісім беріп, ақтық сынға қазақ-қырғыз құрамалары өтті. Ақтық сында Қазақстан – Қырғызстан командаларының ойыны 0-5 есебімен аяқталып, спортшыларымыз күміс жүлдеге қол жеткізді.
  • Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанып, Қырғызстан командасын 4:3 есебімен жеңді. Финалға дейін қазақстандықтар Өзбекстан мен Моңғолия спортшыларын 8:1 және 12:2 есебімен ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990799-duniezuzilik-kospendiler-oiyny-qazaqstan-quramasy-qansa-medal-zenip-aldy/

pixel