Холанд АПЛ-да рекорд орнатты

Опубликовано:

Нападающий Эрлинг Холанд
Эрлинг Холанд. Фото: twitter.com/ManCity/

"Манчестер Ситидің" шабуылшысы Эрлинг Холанд футболдан Англия біріншілігінде ерекше рекорд орнатты, деп жазады Матч ТВ.

Норвегиялық сұрмерген өз алаңында өткізген үш матчта қатарынан хет-трик жасаған алғашқы футболшы атанып отыр.

Ол бұған дейін "Кристал Пэлас" пен "Ноттингем Форест"қақпасына үш голдан соқты.

Эрлинг Холанд Англия біріншілігінің жаңа маусымын өте жоғарғы көрсеткішпен бастады. Футболшы сегіз ойында он төрт қақпашылардан айласын асырған.

Естеріңізге сала кетейік, футболдан Англия біріншілігінің тоғызыншы турында "Манчестер Сити" өз алаңында "Манчестер Юнайтедті" қабылдап, 6:3 есебімен ұтты.

"Манчестер Сити" сапынан Эрлинг Холанд пен Фил Фоден хэт-трик жасаса, "Манчестер Юнайтед" сапынан Марсьяль дубль авторы атанып, Антони бір гол ұрды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1990832-xoland-apl-da-rekord-ornatty/