Жекпе-жекке санаулы күндер қалғанда Қанат Исламның қарсыласы ауысып кетті

Опубликовано:

Қанат Ислам
Қанат Ислам. Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның 7 қазан күні Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өтетін кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы ауысып кетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бастапқыда Қанат Исламның қарсыласы Доминикан Республикасының былғары қолғап шебері 32 жастағы Эдвард Уллоа Диас (13-3, 10 КО) болады деп БАҚ беттерінде жарияланған еді.

Кездесуге санаулы күндер қалғанда отандасымыздың қарсыласы өзгеріп отыр.

Енді 38 жастағы боксшы аргентиналық Хавьер Франсиско Монтиэльмен жұдырықтасады.

Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың ақпан айында АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен кездесуде Қанат Ислам ұлыбританиялық Джимми Келлимен кездескен болатын. Екі боксшы орта салмақтағы WBO Global ваканттық атағына таласты.

Жекпе-жекте Қанат Ислам қарсыласына есе жіберді. Бұл - боксшының мансабындағы алғашқы жеңілісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1990834-zekpe-zekke-sanauly-kunder-qalganda-qanat-islamnyn-qarsylasy-auysyp-ketti/