Елена Рыбакина Чехияда әлемнің 17-ракеткасын жеңді

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: olympic.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандасымыздың қарсыласы әлемнің 17-ракеткасы, америкалық Мэдисон Киз болды.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тағы Цинциннати жарысында Киз Еленаны 6:2, 6:4 есебімен ұтқан еді.

Бұл жолы бірінші партияда америкалық спортшы басымдылық танытты - 7:5.

Есесіне екінші сетте Рыбакина ойын тізгінін қолына алыр, қарсыласынан айласын асырды. Есеп: 6:3.

Үшінші партия да отандасымыздың пайдасына шешілді.

Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.

Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 16-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенко немесе рейтингіде 31-сатыдағы Беларусь өкілі Александра Сасновичтің біреуімен таласады.

Жүлде қоры 611 210 еуроға бағаланған жарыс 9 қазанда мәреге жетеді.

Айта кетейік, бұған дейін үлкен теннистен әйелдер арасындағы жекелей сында отандасымыз Елена Рыбакина алғаш рет "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанған еді.

Финалда ол әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1990885-elena-rybakina-cexiyada-alemnin-17-raketkasyn-zendi/