Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегіне қатысты ресми ақпарат шықты

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегіне қатысты ақпарат шықты. Отандасымыз бокс кешінде WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) белбеуін алғаш рет қорғайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандасымыздың қарсыласы - ұлыбританиялық Дэнзел Бентли. Былғары қолғап шеберлерінің арасындағы кездесу 12 қарашаға жоспарланып отыр.

Ол Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді. Іс-шараны Palms Casino Resort аренасы қабылдайды.

Ұлыбританиялық спортшы кәсіпқой бокста 19 рет шаршы алаңға көтеріліп, оның 17-де қарсыластарынан басым түскен. Тек бір кездесуде ғана жеңілістің ащы дәмін татты. Сонымен қатар бір айқасы төрешілердің шешімімен тең аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1990949-zanibek-alimxanulynyn-tituldyq-zekpe-zegine-qatysty-resmi-aqparat-syqty/

pixel