Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде көтерілді

Опубликовано:

Боец Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Mike Roach/Zuffa LLC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы топ-10 рейтингінің қатарына қайта енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

АҚШ спортшысы Хорхе Масвидаль екі сатыға төмендегеннен кейін отандасымыз 11-орыннан 10-орынға көтерілді.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 25 маусымда өткізіп, екінші раундта америкалық файтер Нил Магниді ұтқан еді.

Осыдан кейін Шавкат өз дивизионында UFC рейтингінің алғашқы ондығына енген болатын. Дегенмен, тамыз айының басында америкалық Джефф Нил бразилиялық Висенте Люкеден айласын асырған соң 13-орыннан 8-орынға көтерілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1990979-savkat-raxmonov-ufc-reitinginde-koterildi/

pixel