Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Новак Джокович Астанада аутизмге шалдыққан балалармен кездесу өткізді

Опубликовано:

Новак Джокович пен Карлос Алькарас аутизм орталығында. 04 қазан 2022 жыл, Астана
Әлемге әйгілі теннисшілер Астанада аутизм орталығына барды. Фото: ktf.kz

ATP 500 Astana Open турниріне қатысатын атақты теннисшілер Астанадағы аутизмге шалдыққан балалармен кездесті. Сырқат бүлдіршіндермен жолығуға Новак Джокович бастаған әлем үздіктері келді, деп хабарлайды федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аутизм орталығының балалары мен олардың ата-аналары бірінші болып әлемдік теннис жұлдыздарымен танысуға мүмкіндік алды.

Болат Өтемұратов қоры мен Қазақстан теннис федерациясының президенті орталықты әлемнің бірінші ракеткасы испан теннисшісі Карлос Алькарасқа, "Үлкен Дулыға" турнирлерінің 21 дүркін жеңімпазы сербиялық спортшы Новак Джоковичке, Канаданың бірінші ракеткасы Феликс Оже-Альяссимге, әлемнің төртінші ракеткасы Даниил Медведевке көрсетті.

Экскурсия барысында қонақтарға аутизмнің белгілері мен оны ерте анықтаудың маңыздылығы жөнінде айтылды. Орталықта үш жасқа дейінгі балаларды ерте қолдау бағдарламасы ашылған. Ол жерде бүлдіршіндер сөйлей алмаса да, оларды ата-аналарымен бір-бірін түсінуге, дағдарыс жағдайларына тосқауыл болуға үйретеді.

Уақытылы көрсетілген коррекциялық көмек, бүлдіршіннің жеке және толық ересек өмірге дағдылануына көмектеседі.

Теннисшілер осы сапары барысында балалардың салған суреттерін естелік ретінде сыйлыққа алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990989-aigili-novak-dzokovic-astanada-autizmge-saldyqqan-balalarmen-kezdesu-otkizdi/

pixel