Parimatch 00Nation ұйымының эксклюзивті жаһандық демеушісі атанды

Опубликовано:

Parimatch спонсор 00Nation
Фото: Parimatch

Parimatch жаһандық букмекерлік бренді 00Nation танымал ойындар мен киберспорт ұйымының эксклюзивті титулдық демеушісі атанды. Тараптар 2022 жылдың 1 қазанынан бастап арадағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр.

Бір жылдық келісімшарттың шарттарына сәйкес Parimatch компаниясы 00Nation брендіне эксклюзивті құқықтары бар және CS:GO командаларының өнімдері мен сайттарында өз логотипін орналастыру мүмкіндігіне ие болған жалғыз ұтыс тігу операторы болып саналады. Беттинг компаниясы тарапынан қуатты маркетингтік бастамалар сериясы арқылы 00Nation-ға қолдау көрсетілетін болады.

"Біз 00Nation ұйымын Parimatch-тың жаһандық серіктестері тізімінде қуанышпен қарсы алудамыз. Бұл ынтымақтастық халықаралық киберспорт қауымдастығымен байланысымызды нығайтуға көмектеседі және қолданушыларға ұтыс тігу (беттинг) мен киберспорт әлемінің ең жақсысын ұсынуға мүмкіндік береді. Parimatch пен 00Nation-ды күрескер рухы байланыстырады деуге болады және дәл осы қасиет ынтымақтастық барысында көптеген қызықты оқиғаларға негіз болатынына сенімдімін", - деді Степан Шульга, Parimatch Tech компаниясының Esports бөлімінің басшысы.

00Nation - қазіргі уақытта HLTV CS:GO Teams World рейтингінде 18 орында тұрған ең танымал киберспорттық ұйымдардың бірі. Команданың қазіргі құрамында Эпитасио "TACO" де Мело және Марсело "coldzera" Дэвид сияқты аңызға айналған ойыншыларды қоса алғанда, CS:GO бойынша бразилиялық үздік ойыншылар бар. Марсело "coldzera" Дэвид 2021 жылы Parimatch-тың әлемдік елшісі болған.

"Parimatch көптеген жылдар бойы әлемдегі ең үлкен және ең жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылатын киберспортқа қолдау көрсетіп келеді. Біз бұл ынтымақтастықты асыға күтеміз және бұл біздің Esports қауымдастығында алдыңғы орындарды алуымызға және киберспорт жанкүйерлерінің алдындағы біздің абыройымыз бен жетістіктерімізді арттыруға көмектеседі деп үміттенеміз", - деп 00Nation Америка аймағының басшысы Рикардо Синигалья пікір білдірді.

00Nation биыл IEM Rio Major 2022 іріктеу кезеңіне өтуде. Команда қазан айының басында өтетін аймақтық RMR турнирлеріне жолдама алды. RMR қараша айына жоспарланған Rio Major-ға қатысатын топтарды анықтайды. 00Nation-ның плей-офф кезеңіне өтуге барлық мүмкіндігі бар.

"Жылдамдық пен инновация – бұл Parimatch бренді өз қызметінде өте маңызды деп санайтын бағыттар, ал 00Nation – олардың көрінісі іспетті. Киберспорттың даму жолы және оның көпшілікке беретін әсері біздің рухымызға өте жақын. Біздің ынтымақтастығымыз өте қызықты және жан-жақты болатыны қазірдің өзінде анық. Жоспарларға тек киберспорт жанкүйерлері ғана емес, сондай-ақ жалпы әлемдік қауымдастық назарынан тыс қалмайтын ірі шаралар кіреді. Әзірге біз жігіттерге плей-офф кезеңіне өтіп, өздерінің қайсар мінезін көрсетулеріне шын жүректен тілектеспіз", - деді Parimatch Kazakhstan басшысы Роман Бойко.

Parimatch туралы

Parimatch – бизнесті, спортты және инновацияны біріктіретін технологиялы әлемдік беттинг бренді. Parimatch жайлы жағдайда ойыннан үздіксіз рақаттануды қамтамасыз етуге бағытталған. 1994 жылы Украинада негізі қаланған Parimatch бүгінгі таңда Африка, Азия, Еуропа және Латын Америкасындағы жетекші букмекерлік брендтердің біріне айналды.

00Nation туралы

00Nation Nordavind-пен біріктірілгеннен кейін өнер, сән, музыка және таланттарды басқару, контент өндіру, қауымдастық құру сияқты интернет мәдениетке негізделген, спорттық шараларды іске асыратын ойын және спорт ұйымына айналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1991013-parimatch-00nation-uiymynyn-eksklyuzivti-zahandyq-demeusisi-atandy/