Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Astana Open турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы күтпеген жерден жарыс жолынан шығып қалды

Опубликовано:

Карлос Алькарас
Карлос Алькарас кордта. Фото: David Aliaga/NurPhoto via Getty Images

US Open-2022 турнирінің жеңімпазы және әлемнің бірінші ракеткасы испаниялық Карлос Алькасар елорда төріндегі ATR 500 Astana Open жарысының алғашқы айналымынан ұшып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алғашқы айналымда әлемнің бірінші ракеткасы Бельгия теннисшісі Дэвид Гоффинге есе жіберді (әлемнің 66-шы ракеткасы). Матч екі сетке созылып, 5:7, 3: 6 есебі тіркелді.

Кортта теннисшілер бір сағат қырық сегіз минуттай уақыт өткізді.

Осы уақыт ішінде испаниялық спортшы бір эйс жасады және бір мәрте қос қателікке бой алдырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның екінші ракеткасы Михаил Кукушкин (әлемнің 221-ракеткасы) Астанада өткен АТР 500 сериялы турнирдің келесі айналымына өте алмағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1991032-astana-open-turnirinde-alemnin-birinsi-raketkasy-kutpegen-zerden-zarys-zolynan-sygyp-qaldy/

pixel