Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әли Ахмедов шаршы алаңға қашан оралатынын айтты

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Sarah Stier/Getty Images

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов шаршы алаңға оралуы мүмкін уақытты атады, деп жазады Sports.kz.

"Менің командам келесі кездесуіме қатысты жүміс жүргізіп жатыр. Жекпе-жек желтоқсанда өтеді деп үміттенемін", - деді отандасымыз The Ring басылымына берген сұқбатында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес андеркадында Әли Ахмедовтың өнер көрсеткенін жазған едік.

Он раундқа жалғасқан айқаста отандасымыз америкалық қарсыласы Габриэль Росадодан басым түсті.

Айта кетейік, аталған кездесуде IBF (Солтүстік Америка), WBC Silver титулдары сарапқа салынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1991037-ali-axmedov-sarsy-alanga-qasan-oralatynyn-aitty/

pixel