Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тізімде Оразов жоқ": Қазақстан құрамасының ӘЧ-2024 іріктеу турниріндегі құрамы анықталды

Опубликовано:

зал
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Словениямен өтетін кездесуге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Қазақстанның футбол федерациясы.

"Тізімге 16 ойыншы еніп отыр. Жарақатына байланысты ұлттық құраманың көшбасшылары Біржан Оразов пен Эдсон шақырту алған жоқ", - делінген хабарламада.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы:

Қақпашылар: Игита ("Қайрат"), Нұрәлем Байдулла ("Рахмет"), Андрей Голубничий ("Ақтөбе");

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов (барлығы – "Қайрат"), Лео ("Жоинвиль", Бразилия), Тайнан ("Эль-Посо", Испания), Азат Валиуллин ("Аят"), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, (екеуі де – "Каспий"), Евгений Кошкин, Ақжол Дәрібай (екеуі де – "Астана"), Серік Мәжитов ("Байтерек").

Футзалдан Қазақстан құрамасы 8 қазан күні 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын Словениямен өткізеді.

Матч Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1991042-tizimde-orazov-zoq-qazaqstan-quramasynyn-ac-2024-irikteu-turnirindegi-quramy-anyqtaldy/

pixel