Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дауыс беру аяқталды: Қыркүйек айындағы Қазақстанның үздік футболшысы кім

Опубликовано:

Еркебұлан Тұңғышбаев
Еркебұлан Тұңғышбаев жасыл алаңда. Фото: "Ақсу" футбол клубының баспасөз қызметі

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы қыркүйек айының үздік футболшысын анықтау үшін Қазақстан чемпионатының жаттықтырушылар мен команда капитандары арасында дәстүрлі дауыс беру шарасын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дауыс беру қорытындысы бойынша "Ақсу"футбол клубының ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбаев қыркүйектегі Қазақстанның үздік футболшысы атанды.

27 жастағы жартылай қорғаушы қыркүйектегі үш матчта 5 гол соққан.

Екінші орын күздің алғашқы айында қақпашыдан төрт мәрте айласын асырған "Қайрат" шабуылшысы Жоао Паулоға бұйырды.

Үздік үштікті "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков қорытындылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1991159-dauys-beru-ayaqtaldy-qyrkuiek-aiyndagy-qazaqstannyn-uzdik-futbolsysy-kim/

pixel